432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында енді тасқын қаупі ғарыштан бақыланады

  • 372
  • UPD: 15:43, 06.04.2020
Ақмола облысында енді тасқын қаупі ғарыштан бақыланады

Аймақтық төтенше жағдайлар департаментіне көктен түсірілген фотосуреттерді арнайы мекеме ұсынбақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, мәліметтер тәулігіне 10 шақты рет жаңартылып отырады. Мамандардың айтуынша, ғарыштық мониторинг, жағдайды жіті бақылап, қиын мәселелерді жедел реттеуге мүмкіндік бермек.

Айта кетейік, Ақмола облысында биыл 8 ауданды су басу қаупі бар. Әсіресе, Атбасар және Целиноград аудандарында қауіп бар. Сол себепті, жақында Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, аймақты әуеден бақылаған болатын. Оның айтуынша, әзірге жағдай тұрақты. Бірақ бәрі уақыт еншісінде деген еді. Ал, гидрологтар «өңірде су тасу қатері сәуір айының ортасына қарай күшейеді», деп отыр.

Надежда Гуришкина, «Қазгидромет» АҚ облыстық филиалының бөлім жетекшісі

Жағдайды қиындататын нәрсе, бізде далада сай-салалар мен жылғаларда, ағаштардың арасында әлі күнге дейін қардың көбесі сөгілмей сол күйі жатыр. Алдағы күндері күн салқындау болғанымен, жаңбыр жауады. Міне, сол жауын-шашын барлық қардың және өзендердегі мұздың еруіне сеп болады.

Хабар 24 телеарнасы