428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда жеміс ағаштары жаппай гүлдеп жатыр

  • 502
  • UPD: 21:56, 07.04.2020
Таразда жеміс ағаштары жаппай гүлдеп жатыр

Кей аймақтар ақтүтек бораннан ес жимай жатса, Әулиеата өңірінде жеміс ағаштары гүлдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл өрік, шие, алма мен шабдалы бір мезгілде бүршік жарды. Жеміс ағаштарына қонған бал аралары мен көбелектерді де кездестіруге болады. Қазір Таразда сынап бағанасы 22 градус ыстықты көрсетіп тұр. Алайда, аптаның соңына қарай ауа температурасы күрт төмендеп, салқындауы мүмкін. Синоптиктердің болжауы бойынша күн таулы аймақтарда -5 градусқа дейін суиды. Ал, қалада нөл градус шамасында болады. 

Хабар 24 телеарнасы