427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде 30 мың медицина қызметкері үстемақы алады

  • 473
  • UPD: 22:20, 10.04.2020
Елімізде 30 мың медицина қызметкері үстемақы алады

Елімізде коронавируспен күреске 30 мың медицина қызметкері тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларды қаржылай қолдау мақсатында 40,4 млрд теңге бөлінді. Бүгінде 7,8 милларды ақ халаттыларға төленді. Яғни, бес аймақтың дәрігерлері мен мейірбикелері тиісті үстемеақы алды. Қалған өңірлердің медиктеріне бүгін төленуі тиіс. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жакселекова мәлімдеді. COVID-19-бен күресіп жатқан ақ халаттылардың жұмысы қауіптілігіне қарай үш топқа бөлінген.

Сондықтан берілетін қаржы көлемі де әр түрлі болады. Бүгінде науқастардың 80%-інің жағдайы қалыпты. Бір науқастың қалы өте ауыр. 17 адам ауыр жағдайда. Індетке шалдыққандармен байланыста болған 21 мың адам анықталып, оқшауланған. Карантин енгізілгелі Алматы мен елордада коронавирус жұқтырғандар саны едәуір азайды. Бірақ аймақтарда індет әлі тарап жатыр. Мамандар індеттің жайылуы алдағы екі аптада үдей түсуі мүмкін екенін айтады. Коронавирустан жазылып шыққан азаматтар да дәрігерлердің бақылауында болады.

Ботагөз Жакселекова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы:

- Осы уақытқа дейін коронавирус жұқтырған 63 адам жазылып шықты. Олар алгоритмге сәйкес 14 күн бойы үй карантинінде болады және осы уақыт бойы медициналық бақылауда болады. Барлығына мониторинг жүргізілуде. Жағдайлары қанағаттанарлық.

Хабар 24 телеарнасы