419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да тұрғын үй құрылысына 23 млрд теңге бөлінді

  • 328
БҚО-да тұрғын үй құрылысына 23 млрд теңге бөлінді

Батыс Қазақстан облысында биыл тұрғын үй құрылысына 23 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл соңына дейін 14 көпқабатты үй бой көтереді. 4 арендалық үй әлеуметтік санат бойынша кезекте тұрғындарға беріледі. Ауылдық жерде 100 шақты арендалық үй салынады. Нәтижесінде, бюджет қаржысы есебінен аймақта 120 мың шаршы метр баспана пайдалануға берлімек. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында да іргелі құрылыстар басталады. Инженерлік желілерді жаңғырту, абаттандыру және ауылдық жерлердегі әлеуметтік нысандар құрылысына 9 мыңдай жұмысшы тартылады. Төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалғандардың барлығы да жұмыспен қамтылады. Таяу жылдары облыс аумағындағы жолдардың ауқымды бөлігін жөндеу жоспарланып отыр. 

Тимуржан Шәкімов, облыс әкімінің орынбасары:

– Чапаев-Жалпақтал, Қазталов-Жәнібек және РФ-мен шекарадағы жолдар жөнделеді. Бұл құны 50 миллиард теңге болатын өте ауқымды жоба. Биыл бұл мақсатқа 5 миллиард теңге бөлінді, мердігерлер жұмысын бастап кетті. Қазір олар құрылысқа қажетті инертті матриалдарды тасып жатыр. Жоспар бойынша жолдың бөлігіндегі жұмыстар 2 жылда бітуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы