476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстандық автоспортшылар дәрігерлерге көмек көрсетуге ынта білдірді

  • 472
  • UPD: 15:37, 14.04.2020
Қазақстандық автоспортшылар дәрігерлерге көмек көрсетуге ынта білдірді

Негізі жоспар бойынша биыл осы спорт түрінен 60-қа жуық жарыс өтуі керек еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалыптасқан жағдайға байланысты күнтізбені өзгертіп, уақыттарын кейінге шегеруге тура келді. Сәйкесінше, сайысқа түсуі керек спорттық темір тұлпарлар қазір босқа шаң басып тұр. Осыны негізге алған елордалық автоспорт өкілдері көліктерін қауіпті індетпен күресіп жүрген дәрігерлерге, не солардың қажеттілігіне беруге дайын екенін жеткізді. Бұл бастамаға еліміздің түкпір-түкпіріндегі басқа автоспорт әуесқойлары да қолдау танытады деген үмітте.

Нұрпейіс Қонысбаев, автомотоспорттан мемлекеттік жаттықтырушы:

– Елімізде карантин енгізілгелі қоғамдық көліктер кішкене шектелген сияқты саны. Соған байланысты қазір «КОВИД 19-ға» қарсы күресіп жүрген дәрігерлер көлік мәселесі қажет болса, өз көлігімді карантин аяқталғанша беруге дайынмын. Сонымен қатар спорттық көлік болса да құжаттары рәсімделген. Сақтандыру полисі арқылы жазып беруге дайынмын. Өз тарапымыздан, спортшылар тарапынан қолдау болсын.

 

Хабар 24 телеарнасы