418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Наурыз айында «Қазақтелекомның» абоненттік базасына 25000 адам тіркелді

  • 134
  • UPD: 15:46, 15.04.2020
Наурыз айында «Қазақтелекомның» абоненттік базасына 25000 адам тіркелді

Google, Youtube, әлеуметтік желілер және мессенджерлердің, яғни топ контенттің жергілікті кэштеу серверлеріндегі трафик бірден 15%-ға артты.

Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантин енгізілгелі бері компания тобындағы сыртқы интернет арналардағы трафик 20%-дан астам өсті», - деді ол.

Трафиктің күрт артуының негізгі себептері қазақстандықтардың басым бөлігінің жұмысы онлайн форматқа көшуі, бейне-контентті тұтынудың артуы, желіде ұзақ отыру, сонымен қатар көптеген жаңа клиенттердің қосылуы екенін айтып өтті.

Наурыз айының өзінде «Қазақтелекомның» абоненттік базасы 25000 клиентпен толыққан. 

Сонымен қатар төтенше жағдай жарияланғаннан бері «Қазақтелеком» сыртқы интернет арналарының өткізу қабілеттілігін арттыру бойынша провайдерлермен жедел келіссөздер жүргізуде.

Хабар 24 телеарнасы