427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теміртауда дүние есігін ашқанына 23 күн болған нәресте індет жұқтырды

  • 488
  • UPD: 14:43, 27.04.2020
Теміртауда дүние есігін ашқанына 23 күн болған нәресте індет жұқтырды

Бүгін Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияның 8 жағдайы тіркелді.

Олардың арасында дүниеге келгеніне 23 күн ғана болған нәресте де бар, деп хабарлады ekaraganda.kz.

Барлық жағдай Теміртауда тіркелді. Науқастардың арасында 1995 және 1996 жылғы ер адамдар, 1985 және 1967 жылғы әйел адамдар, 1990 және 1998 жылы туған қыздар, сондай-ақ 2017 және 2020 жылдары дүниеге келген сәбилер бар.

Пациенттерден ПЦР талдау нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

27 сәуірдегі жағдай бойынша аймақта инфекцияның 128 жағдайы анықталды. Оның ішінде 1 адам қайтыс болып, 37 науқас емделіп шықты.

Хабар 24 телеарнасы