420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында шекараны бұзған шетелдік кеме анықталды

  • 351
  • UPD: 13:36, 30.04.2020
Маңғыстау облысында шекараны бұзған шетелдік кеме анықталды ҚР ҰҚК

ҰҚК ШҚ Маңғыстау облысы бойынша департаменті Қазақстанның аумақтық суларында түнгі патрульдеу барысында бұзушы-кемені анықтаған. Халықаралық заңнамада көзделген тоқтау туралы визуалдық және дыбыстық командаларды бергеннен кейін кеме жылдамдығын ұлғайтып және бағдарын өзгерту арқылы теңіз шекарашыларынан қашуға әрекет жасаған.

Шекара қызметі қызметкерлерінің кемені тоқтату туралы талаптарына бағынудың белгісі байқалмаған соң, жоғарыға және қозғалтқышқа оқ атылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Төрт шетел азаматы ұсталды және қозғалтқыштардан рикошет нәтижесінде қажет болған алғашқы медициналық жәрдем көмек көрсетілген. Бұзушылар және олардың жылдамдығы жоғары қозғалтқыш, спутниктік байланыс және GPS-навигатормен жабдықталған кемесі портқа конвой жасалды.

Хабар 24 телеарнасы