422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Теңіз» кен алаңында науқастармен байланыста болған 1500 адам анықталды

  • 306
  • UPD: 15:13, 30.04.2020
«Теңіз» кен алаңында науқастармен байланыста болған 1500 адам анықталды

Атырау облысына қарасты «Теңіз» кен алаңында коронавирус дертіне шалдыққандармен қарым-қатынаста болған 1,5 мың адам анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол туралы бүгін төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық жедел штаб мәлімдеді. Күні бүгін аталған кен алаңында 71 науқас тіркелген. Олардың 12-і жазылып шықты.

Естеріңізге сала кетсек, сәуір айының басында «Теңіз» кенішіндегі жұмысшылар қалашығынан жұқпалы індеттің белгісі анықталып, адамдар оқшаулана бастаған. Кейін жұмыс беруші компания негізгі өндіріске қатысы жоқ мыңдаған адамды үйлеріне қайтаруға шешім қабылдады. Қазір өзге өңірлерден келген жұмысшыларды қауіпті аймақтан шығару шарасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Олар індеттің беті қайтқанша үйлерінде болады және орташа еңбекақысы сақталады.

Ержан Төлек, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

- 16 сәуірден бастап «Теңіз» кенішінен 17 мыңнан астам жұмысшыны шығару жоспарланған болатын. Бүгінгі күнге олардың 10 мыңнан астамы шығарылып үлгерілді. Оның 6 мыңнан астамы осы Атырау қаласының тұрғындары. Сонымен қатар жұмысшыларды шығару процесі 5 мамырда аяқталады деп жоспарланып отыр

Хабар 24 телеарнасы