412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ардагерлерге мерейтойға берілетін ақша мөлшері қалай есептеледі?

  • 158
  • UPD: 16:54, 05.05.2020
Ардагерлерге мерейтойға берілетін ақша мөлшері қалай есептеледі?

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ардагерлерге берілетін ақшалай төлемнің мөлшері қалай есептеледі? Неліктен астаналық ардагерлерге 1 млн теңге берілсе, қалған аймақтағы қарт майдангерлерге өзге сома төленді?

«Хабар 24» арнасындағы брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов былай деп жауап берді:

«Ардагерлерге берілетін төлемнің мөлшері Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін өзі басқару туралы Заңның нормативтеріне сәйкес есептеледі. Біз барлық өңірлерге ардагерлерге берілетін ақшаны 500 мың теңгеден кем емес мөлшерде етіп белгілеуді ұсындық. Ал аймақтарда берілген ақша мөлшері - бұл жергілікті өзін өзі басқару органдары қабылдаған шешім».

Хабар 24 телеарнасы