418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде соғыс кезіндегі көліктердің көрсетілімі өтті

  • 162
  • UPD: 22:25, 06.05.2020

Екінші жаһан соғысы кезіндегі әскери техниканың көп түрі Өскеменде сақтаулы тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір тарихи жәдігерге айналған бұл көліктерді жергілікті автоқұрастыру зауытының мамандары әлемнің әр түкпірінен жинап, қайта жаңғыртқан.

Олар жыл сайын Жеңіс парадында қазіргі қорғаныс саласындағы техникамен бірге көпшілік назарына ұсынылады.

Атақты «ГАЗ-А» автокөлігі.  Соғыс кезінде майданда ерекше маңызға ие болған жүк көліктерінің бірегейі.  Адам тасымалдап, жүк тиеліп, қару-жарақ та артты.   Өскемендік автоқұрастыру зауытының  мамандары  оларды  соңғы 15 жылда жинаған. Тек техника емес соғыс кезінде қолданылып, бүгінде жәдігерге  айналған артиллериялық қарулар да бар.

Олжас Керейхан, тілші:

– Бұл қоймада коллекция ретінде жиналған әскери техника соғысқа дейін және соғыс кезінде шығарылған.  Әрқайсының өзіндік тарихы бар.  Мәселен, мынау әйгілі катюша «Студебекер». Бұл техниканың  әрбір ұсақ бөлшегіне дейін түпнұсқада сақталған. Қазір  де жүріп тұр.

Көне көліктердің  сыры кеткенмен сыны кетпеген.   Барлығы да 20-ғасырдың басында шығарылған. Әлемнің әр елінен әкелінген соң, автозауыт мамандары  сыртын өңдеп, қосалқы бөлшектерін жөндеп жүргізіп қойды. Ал  әр көліктің техникалық  құжаты жасалып, тарихы  жеке журналға жазылады.

Қазір  бұл қоймада  отызға жуық  көлік бар. Солардың ішінде тарихи жағынан ең құндысы ВТ-7 және  Т-34 танкілері. Екеуі де Екінші жаһан соғысы кезінде майданда ерекше маңызға ие болды.  Мамандар Т-34 танкін өткен жылы Мәскеу маңынан батпаққа батып жатқан жерден әкеліп,  толық жөндеді.  Қазір от алып, жүріп  тұр. 

Тек Кеңес Одағы елдерінде емес, Еуропада шыққандары да бар.  Маркасына сәйкес жылдары да әр түрлі. Зауыттағы мехниктер  әскери техниканың әр бөлшегін  тұпнұсқада сақтауға тырысады.

Дмитрий Добродеев, автозауыт маманы:

– Біз әр техниканың түпнұсқада болғанын қалаймыз.Әр  ұсақ бөлшегіне дейін өзінікі  болғаны дұрыс. Әрине, жаңасын салу қиын емес. Бірақ әр техниканы көрген адам, оның түпнұсқа екеніне көзі жету керек. Бұл көліктер сонысымен құнды. Сол жағынан ерекшеленіп тұрады.

1940  жылдары ел арасында  «ағаш шанақты»   аталып кеткен мына жүк көлігімен  қоршауда қалған ленинградтықтарға  азық-түлік тасымалданып, 89 мың адам  эвакуацияланған. Соғыстан соң  Украина жерінде 50 жылға жуық батпаққа батып  жатқан жерінен табылды. Өскемендік коллекциянерлер  алып келіп жөндеп, өңдеп қойды. Қазір жүріп тұр.  

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы