419,57 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында биыл 700 шақырым жол жөнделеді

  • 371
  • UPD: 23:16, 13.05.2020

Бұл мақсатқа 39 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Нәтижесінде өңірдің бірқатар елді мекенінде жол сапасы жақсарады», - дейді мамандар. Жалпы жол жөндеу жұмыстары аймақтың барлық ауданын қамтиды.

Жол жөндеу жұмыстары, әсіресе, облыс орталығында қызу жүріп жатыр. Жақында ғана орталық көшелердің асфальт-бетон жабындысы жаңартылса, қазір Назарбаев даңғылы мен Ғабдуллин көшелері кеңейтіліп, Қопа көлінің маңынан жаңа көпірлер салынуда. Жалпы қалада бас-аяғы 4 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр.

Юрий Шидловский, қалалық ТКШ бөлімінің жетекшісі:

- Бұдан бөлек, жағалаудан жаңа жол салынып жатыр. Ал, Құлагер ауданында жалпы ұзындығы 2,5 шақырым болатын көше қиылыстары жөнделуде. Қала көшелерін қалыпқа келтірудің екінші кезеңінде 200 мың шаршы метр асфальт жаңартылып, 5-6 көше жаңадан салынады. Бұл жобалар негізінен Бірлік, Застанционный шағын аудандарында жүзеге асырылады.

Биыл күзде Көкшетауда өтетін Қазақстан – Ресей ынтымақтастық форумына дайындық аясында Абылайхан даңғылынан Сарыарқа мөлтек ауданына төте апаратын және аталған ауданды көл жағалауымен тіке жалғайтын жаңа жолдар ашылады. Сала мамандарының сөзінше, жол құрылысы аудан, ауылдарда да қарқынды.

Владимир Кулаков, облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

- Үлкен жобалар ол: Балкашино – Шаңтөбе, Ақсу – Бестөбе – Изобильное жолдары, Еленовка – Чистополье – Есіл Солтүстік Қазақстанға шығатын жол. Щучинск курорттық зонада биыл Первая линия, Алимусиных көшелерінің жобаларын іске асырайын деп жатырмыз. Зеренді курорттық аумағы бойынша биыл КөкшетауАтбасар жолы жасалынады. Ол Көкшетаудан Зерендіге қарай жол жасаймыз.

«Облыс орталығының іргесіндегі Красный Яр ауылында да біраз көше осы жылы қалыпқа келтіріледі», - дейді жергілікті билік өкілдері. Ал, 20 жылдан бері жыр болған Бейбітшілік мөлтек ауданының жолдары биыл жөнделе бастайды.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко

Хабар 24 телеарнасы