423,04 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда 55 көшенің жолы жөнделеді

  • 325
  • UPD: 14:13, 14.05.2020
Оралда 55 көшенің жолы жөнделеді

Оралда жалпы ұзындығы 61 шақырым болатын 55 көшедегі жолдарды жөндеу жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

9 көшеде құрылыс жұмыстары былтыр басталды. Тағы 31 жоба жұмыспен қамту картасы аясында жүзеге аспақ. Қаланың ескі бөлігінде ғасырға жуық уақыт бойы жөндеу көрмеген жолдар бар, дейді мамандар. Мәселен, бұған дейін қатқыл төсем болмаған 8 наурыз көшесінде қазір тротуарлар мен арықтар жөнделіп, жол белгілері мен таңбалары орнатылуда.  Жаңа шағын аудандарға жол салынғаннан кейін ол жаққа баратын қоғамдық көлік қатынасы да ретке келтірілмек. Кейбір көшеде жолдың тым тарлығына байланысты арық салу мүмкін болмады. Дегенмен мердігерлер оған жұмсалатын қаражатты жолдың басқа бөліктерін жөндеуге жұмсауға бекініп отыр. 

Аслан Даубаев,  ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:

– Осы жылы жөнделетін жолдар жалпы Орал қаласы бойынша бүкіл ауданды қамтиды. Ол  Зачаган, Деркөл кенттері,  қаланың солтүстік-шығыс, батысы,  орталық көшелер.  2019 жылдан бері ауыспалы жобаларға 3,7 миллиард теңге бөлінген. Биыл 31 жобаға 5,7 миллиард теңге қаражат бөлінді.

Хабар 24 телеарнасы