419,78 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ТЖК: Мақтаарал ауданында бүгінде су басқан үй жоқ

  • 521
  • UPD: 13:34, 17.05.2020
ТЖК: Мақтаарал ауданында бүгінде су басқан үй жоқ tengrinews.kz

Құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдар қабылдаған шаралардың нәтижесінде Нұрлыжол, Фирдоуси, Өргебас, Достық және Жеңіс елді мекендерінде су басқан 1​ 030 үйден су толықтай сорып шығарылды

Бүгінде су басқан үйлер жоқ. 222 аула және бау-бақша учаскесінде суды сорып шығару жұмыстары жүргізілуде.

Су басқан аумақтың ауданы  2800 га азайды. Қазіргі таңда ол 4200 га құрайды. Өргебас және Фирдоуси ауылдарында автокөлік қозғалысы үшін ішкі автожолдар ашылды.

«АМО» ММ шұғыл бригадасы және Түркістан облысы ТЖД психологтары зардап шеккен азаматтарға психологиялық көмек беріп жатыр.

Бүгінде 6,2 млн астам м3 су сорылды. Жалпы ұзындығы 22 шақырым уақытша бөгеттер салынды, 87 000-нан астам қап төселді және су бұру үшін 3 коллектор орнатылды.

ІІМ, ҚМ, ЖАО және Өзбекстан ТЖМ күштері тәулік бойы жұмыс атқаруда. Бұл іске 1494 адам, 299 техника, 13 жүзу құралы, 207 мотопомпа жұмылдырылды. 

Ақпарат көзі: ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

 

Хабар 24 телеарнасы