423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенаттың заң жобасын Мәжіліске қайтаруы – қалыпты үрдіс

  • 263
  • UPD: 14:21, 20.05.2020

Бүгін Мәжіліс мақұлдаған «Бейбіт жиналыс туралы» заң жобасын Сенат осы кезге дейін екі оқылымда қараған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өз кезегінде жоғары палата депутаттары құжатқа жиыны 16 өзгеріс енгізіп, оны Мәжіліске қайтарғаны мәлім. Түзетулердің дені – ішкі істер органына тиесілі. Жалпы Сенаттың заң жобасын Мәжіліске қайтаруы – қалыпты үрдіс. Осы арқылы заң сапасы артады. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы Аула Жолдыбалина  осындай пікірде.   

Алуа Жолдыбалина, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы:

– Сенаттың Мәжіліспен келіспеген бірінші тұсы ол 3 республикалық қала және облыс орталықтарында митинг үшін орындар саны, яғни ,Сенат кемінде үш бөлікті қарастыруды ұсынды. Мысалы, астанада 12 орын. Алматыда 24, Шымкентте 12, Қарағандыда 6 дан кем емес. Яғни, орын саны. Құзыретті орындарға қатысты тиесілі көптеген баптар мысалы, бет әлпетін жасырмау, адам тануға кедергі болатын заттарды пайдаланбау талап ету міндетін Сенат оған келіспеді. Оны алып тастады.

Хабар 24 телеарнасы