399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменнің алғы шепте жүрген дәрігерлері тиісті еңбекақыларын ала алмай жүр

  • 66
  • UPD: 21:18, 22.05.2020

Екі айдан бері індетпен күресте алғы шепте жүрген дәрігерлер тиісті еңбекақыларын ала алмай жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өскемендегі жедел жәрдем станциясы қызметкерлерінің сәуір айындағы еңбегі дұрыс есептелмеген. Салдарынан медициналық  мекемедегі мамандардың 30%-тен астамы қосымша ақысыз қалыпты. Бүгін дәрігерлер еңбекақыға қатысты есептеулердің қалай жүргізілгенін жауапты басшыларынан талап етті. Қосымша ақы төлеудегі ереженің ерекшеліктерін тілшіміз Олжас Керейхан да біліп көрді.

Олжас Керейхан, тілші:

- Облыстық жедел жәрдем станциясы қызметкерлері наурыз айынан бастап күшейтілген жұмыс кестесіне көшірілген. Төрт аусым бойынша қазір бірнеше жүз маман жұмыс істейді. Дәрігерлер соңғы екі айда әрбір шақыруға тәуекел етіп барғандарын жасырмайды, Алайда, сәуір айында жалақыға қосымша төленген ақы көңілдерін көншітпей отыр. Тек дәрігерлер емес, көлік жүргізушілер де түсінбей жүр.

Аслан Тоқмұрзинов, қалалық жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі:

- Біреуге 20 мың, біреуге 28 мың. Біреуге 128 мың түсті. Мен мүлде алмағам. Коронавируспен ауырған науқаспен байланыста болған адамға бардым. «Карточка өткен жоқ» дейді.

Сәуір айынан бастап қосымша ақы төлеу жүйесіне өзгертулер енгізілген. Әрбір бригада қанша шақыруға барды және қанша сағат жұмыс істегеніне байланысты есептеулер жүргізіліпті.

Олжас Керейхан, тілші:

- Сәуір айында қаладағы жедел жәрдем станциясына тәулігіне орта есеппен 600-ге жуық шақыру түскен. Дәрігерлердің айтуынша, осы шақырулардың кейбірі есепке алынбаған. Тіпті олардың арасында коронавирус індетін жұқтырған науқастарды да әкелген бригадалар бар. Алайда, қосымша төлем алмаған. Өскемендік жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері осыған өкпелі.

Қай бригаданың қанша сағат жұмыс істегені «Komek» электронды жүйесімен есептеледі. Алайда, дәрігерлер кейбір шақыру мен артық сағаттары осы бағдарламаның есебіне енді ме, жоқ па соны білмей жүр.

Элвира Кенжалина, қалалық жедел-жәрдем қызметінің фельдшері:

- Сағат бойынша болғанда біз ұқпаймыз, қанша беріп жатқандарын. «Осы сағатты ғана жасадыңдар соған ғана» деген сома лақтырды. Бүкіл сома емес. Президенттің айтуы бойынша 425 мың. Соның ішінде бір бөлігін ғана лақтырды да, қалғанын көрмедік.

Ақболат Өтесінов, қалалық жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі:

- Наурыз айында барғандарға 212 мың, сәуір айында сағатпен ғана. Мен де барып жүрмін. Үйде бала-шағамыз бар. Содан қорқамыз.

Қорықса да, бүгінге дейін ешбір маман шақырудан бас тартпаған. Ал, қала бойынша қазір 28 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Олардың арасында коронавирус індетін жұқытырған науқасқа барған бригада мүшелерінде қосымша ақы алмағандар да бар.

Евгений Вожуновский, жедел жәрдем қызметінің фельдшері:

- Коронавирус індетіне шалдыққан адаммен аралас-құралас болған соң науқсатанып жатқан адамнан шақыру түсті. Біздің бригада барып, арнайы қорғанышқа салып әкелдік. Ол да жұқпалы індетке шалдыққаны анықталды. Бірақ мен толық төлемақы алмадым.

Төлемақының берілу қағидасын жедел жәрдем қызметкерелеріне осы салаға жауапты басқарма басшылары түсіндіруге тырысты. Электрондық есептеу жүйесінен қате кеткен. Ал, айлықтағы алшақтық қайта есептелетін болды.

Ілияс Мұхамеджан, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Егер де дау туғызған, сұрақ туғызған жағдайда қолындағы қағаз түріндегі бар ақпаратты да тексеріп, салыстырамыз. Егер де, қателік жіберген адамдар болса, тиісті шаралар қабылдауымыз мүмкін. Егер де, олар үстемақыға келетін кодтардың нақты жағдайы болатын болса, біздің мамандарға екі қолмен қолдап қосымша үстемаақы төленеді.

Үстемақыны есептеу бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанынан арнайы комиссия құрылды. Медицина мамандары осы комиссияға сенім артып отыр. Ал, облыстағы жалпы жедел жәрдем қызметкрелеріне қосымша ақы үшін наурыз айында 37, сәуір айында 76 миллион теңге бөлінген.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы