399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде карантин тәртібі жеңілдеді

  • 82
  • UPD: 15:06, 23.05.2020
Өскеменде карантин тәртібі жеңілдеді

Өскеменде ауданаралық автобустар жүре бастады, деп хабарлайды «хабар 24».

Ал тұрғындарға табиғат аясына шығып демалуға рұқсат берілді.Тек арнайы демалыс базаларында емес, тауда,орманда ашық аспан астында көл жағасында тынығып қайтуға әбден болады. Ал өткізу бақылау пунктері әлі жұмыс істеп тұр. Тасымал қызметі жұмысын бастағалы Өскемен автобекеті санитарлық талапты күшейтті.  Келген әр жолаушы арнайы бекеттен өтеді, онда инфрақызыл сәуле арқылы дезинфекция жасалады. Одан бөлек мұнда санитайзерлер орнатылып, аяқ киімді зарарсыздандыратын кілемшелер де төселген.

Алмас Бейсенғазин, қалалық автобекет директоры:

– Бұл алгоритммен келіп шығатын адамдардың жүру бағыттары бөлінуі керек, платформаны жауып тастадық,шығатын адамдардың енді қолдарында билеті болуы керек.

Сондай-ақ Өскемен мен бірнеше ауданда балабақшалар дүйсенбіден бастап ашылады. Дәмхана, мейрамханалардың сыртында ғана емес, ішінде де басқосуға рұқсат. Тек жалпы адам саны 30-дан аспауы шарт. Ал Семей қаласы мен сол маңдағы бірнеше елді мекенде эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты карантин тәртібі сақтала береді.

 

 

Хабар 24 телеарнасы