399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда көктемгі әскери қызметке шақыру басталды

  • 93
  • UPD: 17:26, 23.05.2020
Алматыда көктемгі әскери қызметке шақыру басталды Сыр медиа

Елімізде төтенше жағдай жарияланған кезде азаматтарды әскерге шақыру және әскери бөлімдерден шығару уақытша тоқтатылған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдай аяқталған соң Мемлекет басшысының жарлығымен әскерге шақыру шарттарына біршама өзгеріс енді. Яғни карантинге байланысты көктемгі шақыру мерзімі 30 маусымнан бастап, 31 шілдеге дейін болады. Қаладағы барлық жинақтау бөлімшелеріне күн сайын таңертең және кешкісін залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ мамандар борышкер азаматтардың ғана емес, әскери қызметкерлердің де денсаулығы қатаң бақылауда болатынын жеткізді.

Амантай Өсербаев, қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник:

– Биылғы көктемге мерзімді әскерге шақыру жұмыстарының тағы бір ерекшелігі, қазіргі медициналық комиссияның құрамына инфекциялық дәрігер қосылды. Ол дәрігердің негізгі жұмыстары азаматтардың вирусты жұқтырғанын, жұқтырмағандарын қамтамасыз ету. Және жұмыс орнындағы санитарлық жағдайларды қадағалап отыру. Ол дәрігер карантинге дейінгі комиссия құрамда болмаған.

Хабар 24 телеарнасы