411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық полицейлер героин сатқан күдіктіні қолға түсірді

  • 69
Елордалық полицейлер героин сатқан күдіктіні қолға түсірді

Ол бұрын да сотты болған 35 жастағы азамат, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдіктіні ұстағанда 60 гр героин табылған. Бұл 200 доза жасауға болатын есірткі. Ал қара базардағы құны 800 мың теңгеге дейін жетеді. Күдікті есірткіні Нұр-Сұлтан қаласының аумағында сатпақ болған. Полиция қазір осы іске қатысты өзге де делдалдарды іздестіріп жатыр. Жалпы жыл басынан бері елордалық полицейлер шамамен 22 келі есірткі тәркілеген. Сөйтіп 42 қылмыстық іс қозғаған.

Хабар 24 телеарнасы