422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында 2000 жылғы түлектер мұқтаж отбасыға пәтер сыйлады

  • 359
Атырау облысында 2000 жылғы түлектер мұқтаж отбасыға пәтер сыйлады

Бұдан 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер бас қосып, той -думан өткізбей, оның орнына мұқтаж жанға пәтер сыйлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл Атырау облысы Индер ауданының 2000 жылғы мектеп түлектері. Биыл олар 20 жылдық кездесуге басқосуы тиіс еді. Алайда жиған қаражатты ауыл азаматтары сауапты іске жұмсауды жөн көріпті. Ауылдағы Қамышевтер отбасы ұзақ жылдар бойы пәтер жалдап, кісі есігін сағалап келген еді. Мүгедектігі үшін алатын жәрдемақыдан басқа бұл жанұяның басы артық табысы да жоқ. Енді мүмкіндігі шектеулі ерлі-зайыптылардың басыбайлы баспанасы болмақ.

Нәсипа Жолмағанбетова, Индер ауданының тұрғыны:

– Осы ізгі іске атсалысқан барша азаматқа көп рақмет айтамыз. Осындай жақсы жандарды тәрбиелеп өсірген ата-аналарына, ұстаздарға мың алғыс.

Хабар 24 телеарнасы