418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін Қызылордадан 3 жолаушылар пойызы жолға шықты

  • 250
  • UPD: 17:46, 01.06.2020
Бүгін Қызылордадан 3 жолаушылар пойызы жолға шықты

Олар Қызылорда-Нұр-Сұлтан-Қызылорда, Қызылорда-Семей, Қызылорда-Көкшетау бағытында жүреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вокзал ғимаратына қолында билеті бар жолаушыларға және билет сатып алушыларға ғана кіруге рұқсат. Вокзал маңындағы айналма жолдар қоршаумен жабылып, жолаушылар түгел терминал арқылы дене қызуы тексеріліп барып өте алады. Мамандар пойыз ішінде де санитарлық талаптар қатаң сақталатынын айтады. Жолаушылардың бір вагоннан екіншісіне өтуіне болмайды.

Әлима Әбдішүкірова, тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін ББ бөлім басшысының м.а

– Жолаушылар арасында отырғызу немесе түсіру кезінде қауіпсіз арақашықтық сақталады. Жол бойында вагондардың ішінде, салонда кемінде 2 рет, дәретханада кемінде 4 рет және ластануына қарай ылғалды жуу жұмыстары жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы