412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да Ресеймен шекаралас 3 блок-бекет жұмысын жалғастыра береді

  • 158
  • UPD: 20:11, 01.06.2020
СҚО-да Ресеймен шекаралас 3 блок-бекет жұмысын жалғастыра береді

Ол Ресей елімен шекаралас Мағжан Жұмабаев, Уәлиханов және Мамлют аудандарындағы өткізу бекеттері, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полицейлер 72 күн қалтқысыз қызмет етіп, жүктелген міндетті абыроймен атқарып шықты. Өңірде бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша мәдени-спорттық нысандар ашылды. Сонымен қатар балалар көптен күткен аттракциондар іске қосылды. Бірақ демалыс орнына 100 адамнан артық кіруге болмайды. Зарарсыздандыру жұмыстары әр 3 сағат сайын жүргізіледі дейді мамандар.

Татьяна Колчева, қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер:

– Басты талап – маска кию керек. Ол кіреберісте тегін беріледі. Және де адамдар арасындағы арақашықтық қатаң сақталуы тиіс. Яғни 2 метрге жақындауға болмайды.

Хабар 24 телеарнасы