429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысындағы әйгілі Маралды көлі туристік әлеуетінен айырылды

  • 236
  • UPD: 09:24, 02.06.2020
Павлодар облысындағы әйгілі Маралды көлі туристік әлеуетінен айырылды

Павлодар облысында әйгілі Маралды көлі туристік әлеуетінен айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Артемия салина шаяндарын аулау үшін лицензияға қол жеткізе алмаған инвесторлар көлді тастап кеткен. Жай кетпей, барлық инфрақұрылымын бұзып әкеткен.

Естеріңізге сала кетсек, Маралды көлі осыдан үш жыл бұрын туристік аймақтар қатарына енген еді. Көлдің айналасы абаттандырылып, ұзындығы 500 метр жағажай салынды. Күннен қорғайтын шатырлар, орнатылды. Облыс орталығынан 60 шақырымда жатқан курорттық аймаққа халық жаз бойы ағылатын. Демалыс күндері көлге түсуге 5 мыңға тарта адам келетін. Себебі, тұзды көлдің емдік қасиеті жоғары. Онда балшықтың бес түрі кездеседі. Көлдің түбінде ыстық су көздері бар. Инвесторлар келешекте жыл он екі ай жұмыс істейтін заманауи шипажай салуды жоспарласа, ауыл халқы «жаңа жұмыс орындары ашылады», деп күтті. Бірақ туристік аймақтың ғұмыры ұзаққа бармады. Біздің тілшілеріміз Маралдыға кетті. Қазіргі жай-күйі туралы материалды алдағы жаңалықтарымыздың бірінен көресіздер.

 

Хабар 24 телеарнасы