412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендегі шағын ауданның мәселесі шаш етектен болып тұр

  • 154
  • UPD: 21:42, 02.06.2020

Өскеменде жаңадан бой көтерген бүтін бір шағын ауданның проблемасы көбейіп тұр. Қазір бұл аумақта шамамен 10-15 мыңға жуық отбасы тұрады.

Тұрғындар қала әкімдігіне коммуналдық мәселелерді шешуді айтып, жүгінгеніне 10 жылдан асқан. Бірақ нәтиже жоқ. Ал қаланың келесі бір аумағында жеке үйлердің ауласы автокөлік жолына айналып, асфальт төселіп жатыр. Енді ол маңдағы тұрғындар үйлеріне кіріп шыға алмай жүр.

Ахмер деп, аталатын бұл елді мекен соңғы 10-15 жылда бой көтерді. Бұрын тек саяжайлар ғана болатын. Халық жер телімін алып, баспана салып, құжаттарын да  заңдастырған. 

Айнұр Тоқпаева, қала тұрғыны:

- 2004 жылдан бастап әкімдік бізге жер бөлген. Содан біз міне үй салдық. Халық көбейіп келеді, жеке меншік трансформатор орнатқанбыз. Қазір бізде су, жарық, жол жоқ.

Жарық жоқ, су жоқ екенін айтып  тұрғындардың қақпаған есігі жоқ. Бірақ баяғы жартас, сол жартас. Осы елді-мекенімен қаланы қосатын   үш  жарым    шақырым жолдың құрылысы 2017-жылы басталса да, әлі бітпеген. Биыл  жолдың  бойындағы   автобус аялдамаларын да алып тастаған.Бұл әсіресе қыста оқушыларға қиын. 

Сымбат Әзімбаев, қала тұрғыны:

- Оқушылар ано-оооу әне бір километр жерге барады. Мына арада жол жоқ бізде. Бізде қыста мұнда ешкім кірмейді. Не ана жаққа барады. Бұл енді сұмдық нәрсе. Қала міне тұр. Бүгінгі күні барып, тіпті көңіліміз қалды. Біз істей алмаймыз дейді.  Бір жарым жыл тосыңдар, бір жыл тосыңдар дейді.

Күте-күте амалы таусылған тұрығындар жолды да жаппақ болды. Осы ақпаратты естіген бойда,  қаладағы  атқамінерлер бірден жетті. Жетті де мәселенің шешілетінін жеткізді. 

Эльдар Төлеубеков, қала әкімінің орынбасары:

- Аялдама ешқайда кетпейді. Міне мына жігіт тұр. Өзі бастық. Өзі мына жерге бәрін өзі қояды. Енді өзі айтып тұр қоямыз. Қалған нәрсені, жол жарық, айтқан нәрсенің бәрін істейміз. Заңды нәрсені түгелін істейміз.

Халық заңсыз нәрсе талап етіп отырған жоқ. Тек  дұрыс инфроқұрлым ғана керек?

- Вот примерно будет отсюда дорога-эти столбы будут убирать. Вот представьте если я с ворот выхожу, вот проезжая часть начинается.

Бұл қаланың келісі бір аумағында қайтадан  асфальт төселіп жатқан   жол. Бір қызығы ескі жолды кеңейту кезінде кейбір  жеке үйлердің ауласына дейін кіріп кеткен. Халық  осыны түсінбей дал. Өйткені жол жөнделген соң  тұрғындар үйлеріне қалай, кіріп-шығарын білмейді. 

- Қараңыз,үйден шыққан бойда жолға аяғыңыз түседі. Ары-бері өтіп жатқан көліктердің арасымен қалай өтеміз?

Ереже бойынша автокөлік жолынан кез-келген нысан 6 метр алыста болуы тиіс. Жолды кеңейту туралы жоба жасалғанда қызыл сызықтың бойындағы үйлерді қала әкімдігі жер телімімен қосып сатып алу жөнінде шешім қабылдаған. 

Әлібек Тұрсымбетов, қала әкімінің кеңесшісі:

- Қазіргі кезде бағалау рәсімі өтіп жатыр. Ол үйлердің толықтай тұрғындарымен ортақ келісімге келген кезде оны ары қарай кеңейту, асфальт төсеу жұмыстарын жалғастырамыз.

Асфальт төсемес бұрын тұрғындарға хабарлама беріліпті. Бірақ ешкім жылы орнын суытқысы жоқ. Сондықтан олар бастамашы топ құрып, әкімдік әрекетінің әділ екеніне көз жеткізу үшін тәуелсіз сараптамағы жүгінбек. Ал инфрақұрылым иглігін көре алмай отырған шеттегі шағын аудан тұрғындары осы жолы уәде орындаларынан үмітті.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы