412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында тұрғын үй қорының үштен бірі ескірген

  • 134
  • UPD: 15:10, 03.06.2020
Қарағанды облысында тұрғын үй қорының үштен бірі ескірген

Апатты жағдайдағы үйлер саны жыл санап көбеюде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек Жезқазған қаласының өзінде осындай 25 үй бар. Жалпы еліміз бойынша 1 мың 300 көпқабатты үйде тұру қауіпті. Бүгінгі Мәжіліс отырысында Арман Қожахметов Үкіметке депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, құлайын деп тұрған үйлерде әлеуметтік аз қамтылған отбасылары мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Тұрғындардың жаңа баспана алуға шамасы келмейді. Облыс орталықтарында мемлекеттік бағдарламаға қатысуға болады. Алайда басқа моноқалаларға құрылыс компанияларының барғысы жоқ. Сондықтан шағын қалалардағы апатты үйлерді жоюдың салалық бағдарламасы әзірленуі тиіс дейді депутат.

Хабар 24 телеарнасы