405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аягөз гарнизонындағы әскери қызметшілер баспаналы болды

  • 98
  • UPD: 15:26, 07.06.2020
Аягөз гарнизонындағы әскери қызметшілер баспаналы болды

Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз гарнизонының әскери қызметшілері баспаналы болды.

Осындағы «Оңтүстік» қалашығында 60 отбасына тұрғын үйдің кілттері табысталды. Өткен ғасырдың 90-жылдары қаңырап бос қалған бұл үй Қорғаныс министрлігінің күшімен толық күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне берілді. Ауланың аумағы абаттандырылып, балаларға арналған ойын алаңы және жаттығу құралдары бар спорт алаңы орнатылған. Қоныс тойын тойлағандардың бірі көп балалы Жұмахметовтар отбасы. Бірнеше жыл баспана мәселесі мазалаған әскери қызметші енді қиындықтар артта қалғанын айтады. Қорғаныс министрлігі биыл 36 ғимарат пен құрылысқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қолға алмақ. Оның ішінде 70 пәтерден тұратын тағы бір тұрғын үйді шілде айында іске қосу жоспарда бар.  

Қадыр Жұмахметов, 10810 ӘБ байланыс ротасының бөлім командирі:

- Баспаналы болғанымыз өте жұмысымызға, бәріне қолайлы. Жұмысқа жақын. Қызметімізді де алаңдамай, бала-шағаға қолайлы, алаңдамай міндетімізді атқарамыз. Спорт кешені бар, Оңтүстік қалашығында және жаңа мектеп салынған. Бала шаға ойнауға бәрі қолайлы. Өзгеріс жылдан жылға көп.

Хабар 24 телеарнасы