425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысының Ресеймен шекаралас бекеттерінде қауіпсіздік күшейтілді

  • 311
  • UPD: 22:16, 09.06.2020
Ақтөбе облысының Ресеймен шекаралас бекеттерінде қауіпсіздік күшейтілді

Ақтөбе облысының Ресеймен шекаралас екі кеден бекетінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жағдай көрші елдегі эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты қолға алынып отыр. Енді Мәртөк және Қарғалы аудандарындағы көлік бекеттері арқылы өңірге өткендер екі тәулікке карантиндік стационарға жатқызылады. Осы уақытта короновирусқа қатысты зертханалық тексерудің нәтижесі белгілі болмақ. Оқшаулау шарасы тек үкіметтік делегация, дипломатиялық миссиялардың өкілдері және жүк көліктерінің жүргізушілеріне қолданылмайды. Дегенмен, соңғы аталғандары тест тапсырғаннан кейін ғана сапарын жалғастыра алады. Сондай-ақ бүгіннен бастап аймақтағы Шалқар қаласында да шектеу шаралары күшейтілді. Соңғы он күнде мұнда вирус жұқтырғандардың саны 20-дан асып кеткен. Енді көпшілік іс-шараларды өткізуге рұқсат жоқ. Тіпті дүкендердің де жұмыс істеу уақытына өзгеріс енгізілді.

Нұрсұлу Беркімбаева, Тауарлар мен  қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

- Шалқарда енді қазір кәсіпкерлердің субъектілері уақытына шектеулер қойдық. Тағам сататын дүкендер сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін істейді. Ал, базарлар киім сататын дүкендер, 10:00-ден 15:00-ге дейін шектедік. Сол шектеулерді орындау керек.

 

Хабар 24 телеарнасы