423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңаөзенде аурухана қызметкерлері 37 млн теңгені жымқырған

  • 574
  • UPD: 22:29, 09.06.2020
Жаңаөзенде аурухана қызметкерлері 37 млн теңгені жымқырған

Жаңаөзенде екі ақ халатты бюджетке түсуі тиіс 37 млн теңгені қолды қылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдіктілер қалалық балалар ауруханасының қызметкерлері. Олар көпшілік төлем жасайтын мемлекеттік есепшоттың орнына өздерінің жеке шоттарын беріп отырған. Осылайша, интернет-банкинг арқылы түсетін қаржыны өз қалталарына басқан.

Файзулла Жаңабаев, өңірлік прокуратураның 3-басқарма прокуроры:

- Аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігінің ІІ тармағымен сотқа дейінгі тергеу-тексеру басталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс арнайы прокурорлар басқармасының өндірісінде. Бүгінгі күнде мемлекетке келтірілген залал толығымен өндірілді.

Хабар 24 телеарнасы