423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда вокзалдарында ахуал қалай

  • 429
  • UPD: 16:00, 11.06.2020

Бүгін пойыздардың қатынауына рұқсат берілгеніне тура 10 күн болды.

Осы аралықта көліктегі полиция департаменті күшейтілген қызметке көшіп, күнделікті ескертпе жұмыстарын жүргізген. Тіпті, бүгінге дейін 800-ден астам адамға айыппұл салған. Соның өзінде санитарлық талаптарды сақтамайтындар өте көп екен.

Қазақстан вокзалдарында қарбалас күшейді. Өйткені пойыздардың жүріп жатқанына 10 күн болғанымен, вокзалдар есігі айқара ашылғанына бір-ақ күн. Яғни, бұған дейін мұнда тек билеті бар адамдар ғана жіберілетін. Ал енді шығарып салушылар мен күтіп алушылардың да кіруне рұқсат. Сәйкесінше, сақтық шаралары күшейтіліп, санитарлық талаптардың сақталуы қатаң бақылауға алынды.

Иә, көпшілік қазір бұл талаптарға түсінушікпен қарайды. Бірақ оны елемейтіндер де бар. Көліктегі полиция департаменті күнделікті түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Санитарлық талапты сақтамағандарға  қатысты жаппай айыппұл салынып жатқан жоқ. Ең бастысы – әркім өзінің және өзгелердің денсаулығына бей-жай қарамау керктігін ұғынса екен дейді.

Жасұлан Байкенов, көліктегі полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

– Біздің мамандар күнделікті профилактикалық шаралар өткізіп тұрады. Әсіресе, вокзалға келіп тоқтаған пойыздардың ішіне кіріп, жолаушыларға санитарлық талаптар негізін айтамыз. Бұған қоса, вокзал ішіндегі және вокзал маңындағы қауіпсіздікті де жіті назарда ұстаймыз. Соның нәтижесінде, соңғы 10 күнде 800-ден аса хаттама толтырдық. Оның басым бөлігі адамардың тыйым салынған жерлерге шығып кетуіне байланысты.

Дәл осы тыйым салынған жерлерден өту өте қауіпті. Тіпті, арты ауыр жарақатқа не адам қазасына әкелген жағдайлар жиі болып жатады. Сондықтан полиция қызметкерлері аса сақ болуды ескертеді. Әсіресе, қазіргідей жазғы демалыс кезінде балалар мен жасөспірімдерді жіті бақылау қажет.

Авторлары: Аслан Қаженов, Ербол Дайыров

Хабар 24 телеарнасы