426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Танымал фотографтар Маңғыстау өңірінің көрікті жерлерін суретке түсірді

  • 278
Танымал фотографтар Маңғыстау өңірінің көрікті жерлерін суретке түсірді

Елімізге белгілі фотографтар Маңғыстау өңірінің көрікті жерлерін суретке түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мына кадрларда Бозжыра, Тамшалы, Саура, Шерқала, Айрақты сынды тарихи орындар бейнеленген. Сондай-ақ өзге өңірде кездеспейтін шар тәрізді тастарды, үстірттегі киіктерді, Қазақстанның 7 кереметіне енген Шерқала тауының әдемі көріністерін таспалаудың реті түсті. Экспедиция мүшелері шараны «Шежірелі Маңғыстау» фотоэкспедициясы деп атады.

Мақсат Шағырбай, фотоэкспедиция мүшесі:

– Әр өңірдің өзіне тән салт-дәстүрі бар, сол қырларын біз болашақта келетін туристерге көрсетіп, облыстың бұған дейін түсірілген суреттерден бөлек, көп фотографтардың аяғы жете бермейтін тәсілдер, түнгі тәсіл, таңғы тәсіл дейді. Солардың бәрін қолдана отырып, керемет түсірілім жасадық деп ойлаймыз.

Оңғарбек Алхаров, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушысы:

– Қазақстанда ұлы тұлғалардың, киелі жерлердің суретін іздесең, әйтеуір бір ұялы телефонға түсірген суреттер шығады. Бірақ көзге тартымды, таңқалдыратын суреттер аз. Сондықтан біздің қоғамдық бірлестіктің мақсаты – тек газет-журналдарға емес, БАҚ құралдары саласына емес, жәй қарапайым халыққа, фотосүйер қауымға көрсетсек.

Хабар 24 телеарнасы