426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы қоқыс полигонына су мен топырақ себілді

  • 348
  • UPD: 17:21, 12.06.2020
Алматы облысындағы қоқыс полигонына су мен топырақ себілді

Алматы облысында жанып жатқан қоқыс полигонына 1500 тоннадан астам су мен топырақ себілді.

Іле ауданындағы қоқыс полигонында қатты тұрмыстық қалдықтарды сөндіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта ашық от пен қалың түтін жоқ, қоқыс тек бықсуда. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

«12 маусым күні сағат 15:30-да өрт сөндіру автоцистерналарымен және тікұшақпен 550 тоннадан астам су құйылып, инженерлік техникамен 1000 тоннаға жуық топырақ себілді. Өрт орнында су мен топырақ үздіксіз жіберіліп, қайта құнарландыру жұмыстары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД, Іле ауданы әкімдігі, «АДК Таза Әлем» ЖШС және «Алатау-Құс» фабрикасының 100-ден астам адамы мен 50 техникасы жұмылдырылуда.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Аудан әкімдігі ЖЖМ жеткізу және жеке құрам үшін тамақтандыру ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Іле ауданындағы Алматы – Өскемен автожолына (35 шақырымында) жақын маңдағы қоқыс полигонынан өрт шыққаны туралы хабарлама Алматы облысы ТЖД-ға 10 маусымда сағат 14:26-да келіп түсті.

Хабар 24 телеарнасы