476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

COVID-19 жұқтырғандарды жатқызатын стационарлық орындар жеткілікті – ҚР ДСМ

  • 563
  • UPD: 21:06, 16.06.2020

Қажет болған жағдайда қосымша орындар дайындауға мүмкіндік бар.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева мәлімдеді. Оның айтуынша, еліміздегі инфекциялық ауруханаларда 7372 керует болса, оның 68 проценті толды. Дегенмен әр өңірдегі ахуал әртүрлі. Мысалы, елордада, Павлодар, Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарында науқас саны көп. Қазір жансақтау бөлімдерінің үштен бірінде науқас жатыр. Яғни 119 науқастың жағдайы ауыр. Алдын ала дайындалған провизорлық стационарларда әрбір екінші кереует бос тұр.

Хабар 24 телеарнасы