424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте «Медицина жаныңызда» акциясы басталды

  • 298
  • UPD: 22:51, 17.06.2020

«Медицина жаныңызда». Шымкентте қала күні мерекесіне орай осындай атауменен акция басталды. Іс-шара аясында  білікті дәрігерлерден құралған арнайы бригада созылмалы ауруға шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсетуді қолға алды. Шара маусымның 19-на дейін жалғасады.

Медицина мамандарынан арнайы жасақталғандар тобында кейбір елді мекендерде табыла бермейтін дәрігерлер бар. Денсаулық керуенінде бұл жолы невропатолог, стоматолог, маммолог, онколог, кардиолог, окулист сынды ақ халаттылар жергілікті халыққа медициналық қызмет көрсетуді бастады. Олар халыққа тек қабылдау  жасап қана қоймай,  жылжымалы медициналық қондырғылардың көмегімен диагностикалық тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Ергешбай Сарманов, қала тұрғыны:

- Қазір келіп офтальмологқа кіріп шықтым. Көзімді көрсеттім. Жақсы қабылдап жатыр. Көпшілікке жеткілікті. Енді невропотологқа кірем. Қолым ауырған. Жалпы жақсы барлығы. 

Акцияның негізгі мақсаты қала шетіндегі елді-мекендердегі созылмалы ауруға шалдыққан науқастарға  медициналық көмек көрсету. Себебі карантин шаралары кезінде халықтың себепсізден көшеге шығуына болмайды. Ал алдыңа келген дәрігерден кеңес сұрап ем алған жөн.

Ботагөз Жұмабекова,  №7 Қалалық емхананың дәрігері:

- Коронавирус пандемиясы туралы сұрау салдық. Халықтың бірі білсе, бірі білмейді. Көбісі бетперде таққан адамдар бар, тақпағаны бар. Барлығына түсіндіруге тырыстық. Көптеген адамдарда бетперде жоқ өкінішке орай. Ауру туралы біліп жатқандарда бар хабары барлар. Сақтану жолдары симптомдарын білетіндер бар. Әлі де көп жұмыс жасау керек. 

Айта кетейік, «Медицина жаныңызда» атты акция аясында дәрігерлер 17-19 маусым аралығында қала шетіндегі елді мекендерге барып,  халыққа медициналық қызмет көрсетеді. Барлық ем шаралар тегін жүргізіледі.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов

Хабар 24 телеарнасы