422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Өзбекстанның кәсіподақ федерациясы Мақтааралға көмек көрсетті

  • 396
  • UPD: 22:27, 17.06.2020
Қазақстан мен Өзбекстанның кәсіподақ федерациясы Мақтааралға көмек көрсетті

Қазақстан мен Өзбекстанның Кәсіподақтар федерациясы топан судан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына 66 миллион теңгенің бірлескен көмегін көрсетті.

Бүгін еліміздің Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин мен Өзбекстанның Жизақ облысы кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Нусуратулла Пардаев Мақтаарал ауданында кездесті. Екі елдің делегация мүшелері алдымен Өргебас пен Фердоуси ауылдарына барып, қалпына келтіру жұмыстарымен және «Достық», «Жеңіс», «Жаңа-тұрмыс» елді мекендерінде салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысын көрді. Одан кейін тасқын судан зардап шеккен халықпен кездесті. Су тасқыны екі елге де үлкен сынақ болғаны белгілі. Бірақ бұл бауырлас халықтардың арасына сызат түсірген жоқ, қайта жақындастыра түсті дейді мамандар. Сондай-ақ Сатыбалды Дәулеталин Аманжолов, Мүсірепов, Фердоуси атындағы және «Нұрлы жол» елді мекеніндегі мектептердің директорларына 25 ноутбук, 25 парта мен 50 орындық, 2 принтер, бір-бірден мультимедиалық тақта табыс етті. Жалпы мақтааралдықтарға еліміздің кәсіподақ федерациясы 50 млн, ал өзбекстандық кәсіподақтар 16 млн теңге көлемінде гуманитарлық көмек көрсетті. Мақтаарал ауданының тұрғындары екі елдің кәсіподақтарына алғыс білдірді.

Дәуренбек Әбдіғалиев, мектеп директоры:

- Өздеріңіз білесіздер, біздің мекемемізде барлық компьютер суға кетуіне байланысты бұл бізге үлкен көмек болып тұр. Нотбукпен оқушыларымызды білімге, қазіргі білім сапасын дамытуға күш салады деген ойдамын.

Сатыбалды Дәулеталин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

- Сонымен қатар біздің кәсіподақтар федерациясының 5 шипажайы бар. Сол шипажайға осы Мақтаарал ауданының 100 тұрғынына тегін жолдама бердік. Осы жылдың аяғына дейін кезкелген уақытта барып, ем алып қайтуға үлкен мүмкінідк. Салалық кәсіподақтар бірігіп, 365 ұстазға қаржылай көмек көрсеттік. Ол да таратылып берілді.

Хабар 24 телеарнасы