424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да қылмыстық топ мемлекетке 525 млн теңге сомасында залал келтірген

  • 413
  • UPD: 10:27, 23.06.2020
ШҚО-да қылмыстық топ мемлекетке 525 млн теңге сомасында залал келтірген Ratel.kz

«STOP обнал» жедел-профилактикалық іс-шараларының аясында облыс прокуратасының үйлестіруімен ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ШҚО Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп, іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпестен шот-фактура жазып берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.

Тексеріс барысында ұйымдасқан топтың басшысы 2017-2019 жылдар аралығында бірқатар кәсіпорындар құрып, ШҚО аумағында өзінің заңсыз қызметін жүзеге асырғаны анықталды, деп хабарлайды ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

Жалған кәсіпорындардың қызметі салдарынан мемлекетке 525 млн теңге көлемінде залал келтірілген.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 262 бабының 1б. (ұйымдасқан топты немесе қылмыстық ұйымды құру, сол сияқты оған немесе қылмыстық ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету) және 216 баптың 3 б. (іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы