421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда соттары 3 шілдеге дейін карантинге жабылды

  • 369
  • UPD: 09:22, 25.06.2020
Елорда соттары 3 шілдеге дейін карантинге жабылды

Нұр-Сұлтан қаласы соттарының жекелеген судьялары мен қызметкерлерінен Сovid-19 вирусының анықталуына байланысты қала соттары 24 маусымнан 3 шілдеге дейін карантинге жабылды, деп хабарлады ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сот істерін онлайн қарау кейінгі қалдырылды. Осы уақыт аралығында әкімшілік істер, бұлтартпау шарасын санкциялау, күзетпен ұстау мерзімін ұзартумен байланысты материалдар және кейінгі қалдыруға жатпайтын бөлек материалдар қаралады. Аталған шаралар азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған. Түсіністікпен қарауды сұраймыз. Өздеріңіз бен жақындарыңызды сақтаңыздар!», – делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы