432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жедел медициналық жәрдемге жүгіну бір күнде 40 процентке артты

  • 251
  • UPD: 14:08, 25.06.2020
Жедел медициналық жәрдемге жүгіну бір күнде 40 процентке артты

Медициналық жедел жәрдем көмегіне жүгінетіндер саны бір күн ішінде 40 процентке артты. Тәулігіне 18 мың адам хабарласатын.

Ал кеше бұл көрсеткіш 26 мыңнан асып кетті.  Бүгін онлайн форматта өткен кездесуде Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Бауыржан Жүсіпов осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір республикада 1400 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр. Оларда 2 мыңға жуық санитарлық автокөлік бар. Алайда бригадалар барлық шақырулар бойынша бара алмайды. Ал дәрігерлер келгенде кейбір науқастарды қарау үшін 1 сағатқа дейін уақыт қажет болуы мүмкін. Егер коронавирус белгілері жеңіл болса, науқас үйінде қалып емделеді. Ауруханаға тек дене қызуы тым жоғары және дем алуға қиналып жатқандар ғана жатқызылады.

Хабар 24 телеарнасы