422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада демалыс күндері ауқымды дезинфекция шаралары жүргізіліп жатыр

  • 317
  • UPD: 18:19, 27.06.2020
Елордада демалыс күндері ауқымды дезинфекция шаралары жүргізіліп жатыр

Елордада демалыс күндері күшейтілген карантин тәртібі енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24.

Екі күн ішінде қала басшылығы ауқымды дезинфекция шараларын жүргізбек. Яғни, сауда орындары, базарлар, автобустар зарарсыздандырылады. Ал, саябақтар мен жағажайларда бұл жұмысты жүргізуге жауын кедергі болып тұр. Дегенмен, толассыз жауған жауын тұрғындардың демалыста үйлерінде отыруына сеп болуда. Себебі, қажеттілік болмаса, адамдардың үйлерінен шығуына шектеу қойылған. Тек үйдің маңындағы дүкен мен дәріханаға баруға рұқсат. Ал осы демалыс күндері жұмыс істейтін шаһар тұрғындарына өздерімен бірге анықтама алып жүруге тура келеді. Сонымен қатар әлеуметтік арақашықтықты да естен шығармаған абзал.

Хабар 24 телеарнасы