423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қатонқарағайдағы марал шаруашылығы мемлекеттік қолдауға зәру

  • 733
  • UPD: 08:02, 28.06.2020

Білген адамға маралдың мүйізінен бастап тұяғына дейін шипа екені белгілі, деп хабарлайды «Хабар 24.

Түркістандық азамат Нұржан Оспанқұл Қатонқарағайдағы пантымен емдеу орталықтары туралы талай естіген.

Енді, міне, биыл тәуекел деп осында келіпті. Күніне екі рет марал мүйізінің қанын ішіп,сорпасына түсіп, денсаулығын түзеп жатыр. «Құрыс-тырысым жазылып, ауру-сырқауым азайды», - дейді ол.

Нұржан Оспанқұл, демалушы:

- Осында келіп, марал мүйізінің сорпасына күніне екі рет түсіп жатырмын, өте керемет,маған өте керемет әсер етті. Аяқтарым сырқыраушы еді, сол сырқырау қалды, былай айтқанда керемет.

Қазір пантымен емдеу сауықтыру орталықтарында қарбалас уақыт. Өйткені шаруалар қыс бойғы еңбектерінің жемісін енді көреді.

Эльмира Ахметова, тілші:

- Короновирустың кесірінен шетелдік туристер легі тоқтады, дегенмен, пантымен емдеу, сауықтыру орталықтарында жұмыс жаслағасып жатыр. Тіпті ірі базаларда маусым-шілде айларында орын таппайсыз. Өйткені тек осы екі айда ғана марал мүйіздері кесіледі. Сондықтан пантымен ем қабылдап, денсаулықты оңалтуға ең қолайлы сәт.

Шаруашылықтағы өз ісіне әбден машықтанған мамандар болса келушілерге марал мүйізін келе сала ұсынып, сорпаның дайындалу барысын да көрсетіп береді. Қанның құрамында адам ағзасына пайдалы 25 түрлі микроэлемент бар. Ал сорпасына түсу сүйек, буын ауруларына таптырмас ем.

Данияр Ерлан, емдеу орталығының дәрігері:

- Жүрек қан-тамырлары, сүйек, тері ауруларына ем, жалпы иммунитетті көтеретін процедура болып табылады, бір түсіп кеткен адамның денесі жақсарып, терісі жақсарып,организмінің инфекциялық ауруларға күресу қабілеті күшейеді.

«Емдеу шараларының жаздың екі айына ғана байланып қалғаны қиын», - дейді шаруашылық өкілдері. Пантымен ем қабылдауды жыл бойы үздіксіз жүргізуге болады екен. Бірақ кәсіпкерлердің қолы қысқа. Мемлекеттен ешқандай қаржылай қолдау жоқ.

Дамир Қалихан, марал шаруашылығының жетекшісі:

- Ұзартуға болады. Қыста да кісілерді қабылдауға болады. Мысал үшін Қатонқарағай жете алмаса, жол қиын деп, аудан орталығына ма, Өскеменге ме, қалада оны істеуге болады, мына мүйізді уақытында кесіп, қатырып, жібітіп ішсе адамға қабылдауға болады.

Өйткені 7 ай бойы мүйізді жануарлардың күйін кетірмей баптап өсіруге аз қаржы кетпейді. 30-40 шақырымға созылатын қоршауларды күзетудің өзі оңай емес. Оған жем-шөп, жол шығынын қосыңыз. Ал қорадағы жануарларды аракідік асылдандырып тұрмаса тағы болмайды .Сондықтан шаруалар Үкіметтен субсидия бөлінуін асыға күтуде.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы