418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ коронавируске қарсы төрт вакцинаны сынайды

  • 139
  • UPD: 12:04, 01.07.2020
АҚШ коронавируске қарсы төрт вакцинаны сынайды

АҚШ-та коронавирус инфекциясына қарсы 4 вакцина клиникалық зерттеуден өтеді. Бұл туралы осы елдің Азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды бақылау басқармасы мәлімдеді.

Агенттік өкілдерінің айтуынша, қазір тағы 6 препарат зерттеліп жатыр. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп COVID-19-ға қарсы вакцина осы жылдың аяғына дайын болады деп мәлімдеген еді. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, әлем бойынша қазір вакцинаның 200 түрі әзірленіп жатыр. Олардың 15-і адамдарға егілуде.

Хабар 24 телеарнасы