427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемен мен Алматыны жалғайтын автожолдың төрттен бір бөлігі салынды

  • 293
  • UPD: 23:37, 02.07.2020

Өскемен-Талдықорған-Алматы республикалық автокөлік жолының құрылысы екі жылдан соң аяқталады. Қазір негізгі жұмыс Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының аралығындағы аумақта жүргізіліп жатыр. Жалпы ұзындығы 454 шақырым болатын бұл жолдың бүгінге дейін 25 проценті ғана салынып болды.

2018 жылы бастаған республикалық жолдың шығыстағы бөлігіндегі жұмыс қарқыны әр түрлі. Бүгінге дейін Өскеменнен Қалбатауға дейінгі аумақтағы жұмыс аяқталуға жақын. Асфальтты да төсеп болды. Қазір ол жолмен көліктер ағылып жатыр.

Әр мердігер  мекеме өзіне тапсырылған аумақтағы жұмысты  кестеден кешіктірмей бітіруге міндетті. Сол үшін қажет болса түнде де тоқтамайды.

Жеңіс Айдаров, жүк көлігінің жүргізушісі:

- Күндіз істейміз ғой. Түнде ол болады. Бірақ ол өте сирек. Арасында ғана. Үлгіре алмай жатқан кезде ғана. Былайша күндіз ғой. Ойдағыдай, орташа жүріп жатыр.

Орташа болса да жұмыс қалыпты істеліп жатыр. Осы күре жолмен күнде жүретін көлік жүргізушілері үшін айналма жолдың азабы көп. 

Олжас Керейхан, тіліші:

- Жол құрылысы қарқынды жүріп жатқан бөліктерде мынадай қосымша жолдар салынған. Бірақ жеңіл көліктер үшін осы айналма жолдың әлегі көп болып тұр. Шаңнан қарға адым жер көрінбейді. Жауын жауса мибатпақ болады. Әрбір мердігер мекеме өзіне қарасты аумаққа су сеуіп шаңын басып отыру керек. Бірақ қазір оны істеп жатқандар шамалы. Ал аймақта биыл ала жаздай бір тамшы жауын жаумағындықтан  мынау бір көлік өтсе ақ шаң аспанға көтеріледі.

Ақ шаң жолдың  шығыстан Алматы облысының аумағына дейін 454 шақырым. Бүгінге дейін оның 112 шақырымы асфальтталып болды. Қалған бөлігінің көбі қиыршық тасты жол.

БЛИЦ: 

- Біз келе жатқанда екі доңғалақ жарып келдік. Қиыршық-тасқа доңағалақты жарып алдық жай щебенка бар ғой соны сепсе жақсы еді. Ол зиян келтірмейді жолға. 

- Талдықорғаннан Шығыс Қазақстанға дейін мүлде  жол жоқ. Үшінші тәулік келеміз. Қиыршық тас доңағалақты тіліп кетеді. Су себіп, шаңды басса дейміз.

Елдің шығысын оңтүстігімен толық, Өзбекстан және Қырғыз Республикасымен байланыстыратын қара жолды негізінен ірі үш мердігер компания салып жатыр.

Өскеменнен  Алматы облысының аумағанына дейінгі аралық 454 шқақырым. Оның  5 шақырымы ғана бірінші санатта. Яғни ол  ені 14 метр, 4 жолақты, ортасы арнайы бөлінген жол. Қалған 449 шақырым екі жолақты екінші санатта. Ені 9 метр.  Жалпы бұл  жолда барлығы 28 көпір, мал өткізуге арналған 46 өткел болады. Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасымен қайта жаңарып жатқан жолдың тек шығыстағы бөлігіне республикалық бюджеттен 156 миллиард 700 миллионға жуық теңге бөлінген.

Олжас Ахметов, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ ШҚО филиалы директорының м.а.:

- Бұл келісімшарт бойынша  2022-жылдың екінші тоқасанында жолдар пайдаланылуға беріледі. Барлығы 2800 адам жұмылдырылған және де 160 бірлік техника бар. 2800 адамның 70 проценттен астамы жергілікіт тұрғындар.

Жергілікті тұрғындарды жұмысқа тартқанның арқасында жол бойындағы ауылдар да жандана бастады. Үкіметтің ерекше қадағалауымен басталған жоба болғандықтан карантин кезінде де жұмыс тоқтаған жоқ. Биылғы жоспар кем дегенде 200 шақырм жерге асфальт төсеп, әлі жұмыс басталмаған аумақтар ретке келтірілуі керек. Ал жол мұраты жету.

Авторлары: Олжас Керейхан, Жігер Бабаханов, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы