418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көру қабілеті мен дене белсенділігі арасындағы байланыс дәлелденді

  • 161
  • UPD: 09:54, 03.07.2020
Көру қабілеті мен дене белсенділігі арасындағы байланыс дәлелденді

Виргиния университетінің ғалымдары спорттың соқырлыққа әкелуі мүмкін көздегі сары дақтар дегенерациясын, глаукома, диабеттік ретинопатия және басқа да көз ауруларының тежелуімен байланысы бар екенін тапты.

Бұл туралы University Virginia порталы хабарлады.

Зерттеу барысында спорт қауіпті қан тамырларының өсуін 45% төмендететіні белгілі болды.

Зерттеу кезінде үнемі жүгіріп жүрген тышқандардың көздегі сары дақтар мен басқа да көз ауруларының негізгі себебі болып табылатын қан тамырларының көбеюі төмендеген.

«Бұл жаттығу – егде жастағы адамдарда көру қабілеті жоғалуының негізгі себебі болып табылатын сары дақтар дегенерациясын төмендететінін көрсеткен алғашқы тәжірибелік дәлел», - дейді зерттеу авторлары.

Сонымен қатар ғалымдар физикалық жүктемені шамадан тыс арттырудың пайда әкелмейтінін атап өтті.

Енді алымдар зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, көру қабілеті нашар науқастарды спортпен емдеу әдістерін ойластыруда.

«Шынында, көз аурулары көп жұмыс істей алмайтын жасы үлкен адамдарда пайда болады», - деп түсіндірді олар.

Хабар 24 телеарнасы