418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жедел жәрдем көліктері аз өңірлерге медициналық емес ұйымдардың көліктері тартылады

  • 171
  • UPD: 11:29, 03.07.2020
Жедел жәрдем көліктері аз өңірлерге медициналық емес ұйымдардың көліктері тартылады

Алматы, Павлодар және Түркістан облыстарында жедел жәрдем көліктері стандарт бойынша аз.

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ брифингінде айтты.

«Осы проблеманы жедел шешу үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, медицина қызметкерін тасымалдау, дәрі-дәрмектерді жеткізу, пациенттердің басқа да қажеттілігі үшін медициналық емес мемлекеттік ұйымдардың автокөліктерін, автопарктердің резервтерін тарту жұмыстары жүргізілуде», - деді.

Сонымен қатар министрлік өңірлер үшін республикалық бюджеттен отандық өндірістің 807 бірлік автокөлігін сатып алуды ұйымдастырғанын айтып өтті.

«Көліктердің бірінші партиясы жақын арада, осы шілде айында Нұр-Сұлтан қаласына 14 машина, Солтүстік Қазақстан облысына 18 машина жеткізіледі. Қыркүйектің соңына дейін барлық облысқа көліктер жеткізіледі», - деді вице-министр.

Хабар 24 телеарнасы