418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда 72 пәтерлік тұрғын үй қолданысқа берілді

  • 168
Павлодарда 72 пәтерлік тұрғын үй қолданысқа берілді

Павлодар қаласында Елорда күні қарсаңында 72 пәтерлік тұрғын үй қолданысқа берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа «Сарыарқа» шағын ауданында орналасқан тоғыз қабатты баспана «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде бой көтерді. Қоныс тойын мемлекеттік қызметшілер, дәрігерлер мен өндірістік ошақ мамандары тойламақ. Айта кетейік, биылғы жылы облыста үй құрылысының жылдағы көрсеткіштері 10 есеге артпақ. Нәтижесінде кезекте тұрған азаматтар баспаналы болады. Қазіргі уақытта пәтер кезегінде шамамен 27 мың адам тұр. Жергілікті биліктің басты мақсаты – баспанаға зәру азаматтарды үймен қамту. Сала мамандарының мәліметінше, биыл 2200 пәтерді қолданысқа беру жоспарланған. Бұл пәтерлер кезекте тұрған азаматтарға арналған. Ал тұрғын үй құрылысының барысы жіті бақыланатын болады. Қазіргі уақытта облыс орталығында коттедж қалашығы мен «Достық» атты шағын аудан бой көтеруде.

Азиза Темірбаева, мемлекеттік қызметші:

– Пәтер ұнады. Жарық әрі кең. Біздің отбасымызға арналғандай. Үш баланың анасымын, өзім мемлекеттік қызметтемін. Осы күнді көптен күттік.

Мейіржан Машрапов, дәрігер:

– Мемлекеттік бағдарлама бойынша алғашқы төлем ретінде тұрғын үй бағасының 20% жинадық. Бұл – үлкен жеңілдік. Ал бұған дейін пәтер бағасының тең жартысын жинау керек болатын. Арман болған баспанамызға қол жеткіздік.

Хабар 24 телеарнасы