423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізге 30-ға жуық ресейлік дәрігер келді

  • 537
  • UPD: 23:49, 06.07.2020

Олардың қатарында эпидемиологтар, реани-матологтар және анестезиологтар бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шетелдік мамандар қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасып, індеттің таралуын шектеу үшін иық тіресе жұмыс істейді. Тиісті келісімге өткен айда екі елдің үкімет басшыларының арасында қол қойылған еді. Ресейлік дәрігерлер біраз уақыт ел астанасында болып, эпидемиологиялық ахуалы күрделі аумақтарға барады. Мамандар тек консультациялық кеңес айтумен шектелмей, науқастарды емдеуге тікелей атсалысады.

Марат Шоранов, ҚР денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары:

– Екі жақты тәжірибе алмасу деңгейі жоғары болады деген үміт басым. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде эпидемиологиялық жағдай күрделі. Сондықтан пациенттерді емдеуде әдістемелік кеңестер айтылып, ортақ проблеманы шешу үшін күш жұмылдырамыз.

Олег Гриднев, РФ денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

– Бірінші кезекте, науқастармен тиімді жұмыс істеудегі тәжірибемізді бөліскіміз келеді. Амбулаториялық және госпитальдік деңгейде емдейміз. Ресейде біз бұл кезеңнен өттік. Сондықтан аз-кем білгеніміз бар. Жансақтау, тыныс алу жүйесін тұрақтандыру бойынша тәжірибелі мамандар жұмыс істейді.

 

Хабар 24 телеарнасы