418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ө.Шөкеев: Түркістан облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақты

  • 173
  • UPD: 22:41, 09.07.2020
Ө.Шөкеев: Түркістан облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақ басшысының айтуынша, қауіпті індет жұқтырған науқастар үшін инфекциялық стационарларда 440, провизорлық стационарларда 1 891 және карантиндік орталықтарда 980 төсек орын дайындалған. Бұдан бөлек, 184 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Оның 45-і ғана пайдаланылған. Сонымен қатар аймақ басшысы бүгінге дейін 17 мыңнан астам медицина қызметкеріне 2 млрд 867 млн теңге көлемінде үстемақы төленгенін атап өтті. Қазір дәрі тапшылығын жою жұмыстары жүріп жатыр.

Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімі:

– Қазіргі жағдайды түсіну керек, мемлекеттік стоционарларда, емханаларда дәрі тапшылығы жоқ. Болған емес. Бірақ жекеменшік дәріханаларда кейінгі екі жетіде қиыншылықтар болды. Жалпы айтқанда, обыстық бюджеттен 500 млн теңге бөліп, Өзбекстан үкіметімен байланысып, дәрілерді алуға келістік. Бүгін екі Камаз дәрі келді.

Хабар 24 телеарнасы