418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында дәрі-дәрмекті қымбаттатқан бес дәріхана анықталды

  • 167
  • UPD: 21:38, 10.07.2020
Павлодар облысында дәрі-дәрмекті қымбаттатқан бес дәріхана анықталды

Ертіс өңірінде де бағаны негіссіз көтерген осындай бес дәріхана анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айталық, алып-сатарлардың бірі аскорбин қышқылының бір орамын 300 теңгеге сатқан. Оның бағасы 235 теңгеден аспауы керек. Аскорбин ғана емес, 15 түрлі дәрі шектен тыс қымбат сатылған. Дені дене қызуын түсіретін препараттар мен тұмауға қарсы қолданылатын дәрілер. Соңғы күндері Павлодарда дәрілік препараттарды іздеудің электронды базасы жұмыс істемей тұр.

Ардақ Балғожин, облыстық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:

– Деректер бойынша жинақталған ақпарат тауарлар сапасы мен қызметтерді бақылау департаментіне жолданады. Қазіргі уақытта мониторингтік шаралар жалғасын табуда. Біз өз тарапымыздан дәріханалық қоймалар мен дәріханалар желісін тексереміз. Сонымен қатар емханалардың төсек-орындарының болуын тексермекпіз. Себебі шағымдар көптеп түсуде.

Хабар 24 телеарнасы