418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық кәсіпорындар өкпені жасанды желдету аппаратының өндірісін 7 500 данаға жеткізбек

  • 195
  • UPD: 13:43, 11.07.2020
Отандық кәсіпорындар өкпені жасанды желдету аппаратының өндірісін 7 500 данаға жеткізбек

Отандық кәсіпорындар жыл соңына дейін өкпені жасанды желдету аппаратының өндірісін 7 жарым мың данаға жеткізбек.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары хабарлады. Аманияз Ержановтың сөзінше, ауруханаларға 3 мың тыныс аппараты қажет болады.  Қазақстандық компаниялар ай сайын 550 данасын өндіріп, бұл қажеттілікті жыл соңына дейін жаппақ. Алғашқы 50 бірлігі осы айда медициналық мекемелерге жеткізіліп қойды. «Қажет болған жағдайда, өндірісті одан әрі күшейтуге әзірміз» - дейді вице-министр. Биыл 6 айда еліміздегі отандық компаниялар 58 млрд теңгеге дәрі-дәрмек шығарған. Осы аралықта 65 млн маска, 60 млн медициналық қолғап және 2 млн-дай қорғаныс костюмі тігілген. Қазір елімізде дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы құрылғыларды шығаратын 89 фармакологиялық компания бар. Олар ішкі нарықты дәрі-дәрмекпен толықтай қамтамасыз етуге қауқары жеткенімен, бұл экономикалық тұрғыдан тиімсіз,  дейді вице-министр Аманияз Ержанов.

Аманияз Ержанов, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

– Біздің өндірістің техникалық жағдайы мұның барлығын қамтуға күші жетеді. Бірақ дәрі-дәрмектің барлығын шығара бермейміз. Бұл тек техникалық мәселелерге байланысты емес. Бұл экономиканың мақсатына сай мәселелердің болуларына байланысты. Біздің бәсекеге қабілетіміз жетпейтін нәрсені оны біз шығара алмаймыз. Сондықтан біз оны импорттаймыз.

 

Хабар 24 телеарнасы