423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістандық дәрілердің 12 мыңнан астам қаптамасын заңсыз сатпақ болған

  • 232
  • UPD: 12:30, 16.07.2020
Түркістандық дәрілердің 12 мыңнан астам қаптамасын заңсыз сатпақ болған

Түркістан қаласының тұрғынынан заңсыз сатылмақ болған дәрілердің 12 мыңнан астам қаптамасы тәркіленіп алынды.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті облыстық Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, рұқсаттық құжаттарсыз дәрілік препараттарды сатумен айналысқан екі дәріхананың заңсыз қызметінің жолы кесілді.

«Түркістан қаласының тұрғыны лицензиясыз Төреқұлов көш. 69 және Қожанов б/н көш. орналасқан «Раяна» және «Гуламова» дәріханаларында дәрі-дәрмектерді сатқандығы анықталды.

Тексеріс барысында 714 түрлі дәрілік заттардың 12 341 қаптамасы тәркіленді», – делінген ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Барлық жинақталған материалдар мен тәркіленген дәрілік препараттар Түркістан облысы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментіне айыпты тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды.

Хабар 24 телеарнасы