423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


BI Group Шымкенттегі ауруханаларға өкпені жасанды желдету аппаратын сыйға тартты

  • 240
  • UPD: 23:21, 20.07.2020

Шымкентте BI Group құрылыс компаниясы коронавируспен күресте отандық дәрігерлерге қолдау көрсетті, хабарлайды «Хабар 24».

Компания өкілдері қалалық кардиологиялық орталық пен №2 қалалық ауруханаға өкпені жасанды желдету аппаратын сыйға тартты. Кәсіпкерлердің мұндай игі ісі көпке үлгі.

Қазір қалалық №2 аурухана мен кардиологиялық орталықта жалпы пневмония және жедел респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққан 180-нен аса науқас ем алып жатыр. Дәрігерлер соңғы екі аптада сырқаттар санының айтарлықтай азайғандығын айтады. Ал, кардиологиялық орталықта пневмонияға шалдығып, денсаулығы күрт төмендеген жандарды экстракорпоральді мембраналы оксигенациялық аппаратқа қосып емдеуде.  Мамандар бұл құрылғыны науқастарға өкпені жасанды желдету аппаратына қосымша көмек ретінде қосқан.

Ермағанбет Қуатбаев, қалалық кардиологиялық орталықтың директоры:

- Коронавирусқа байланысты жалпы біздің осы кардио орталығымызда 30 төсек орнын аштық. Сол төсек орнында біз жүрегінің ақауы бар және де қосымша ол кісілердің коронавирустық пневмониесі бар, өкпенің тарылуына байланысты түскен науқастарды жатқызуға мүмкіншілігіміз бар. 20 төсек орын өте күрделі науқастарға, яғни, қосымша құрал-жабдықтарға қосу қажеттілігін талап еткен науқастарды жатқызамыз. Оның арасында 10 интенсивтік төсек-орын ашылды. Ашылғалы бері мұнда 100 ден аса науқастар емделіп шықты.

Айта кетейік, BI Group алпауыт кәсіпорыны қаладағы ауруханаларға Германияда жасалған өкпені жасанды желдету мен оттегі концентраторларының ең озық және тиімді аппараттарын сыйлапты. «Медицинаға қажетті құрылғыларды тарту ету бастамасын басшымыз Айдын Рахымбаев та қолдады», - дейді компания өкілі Тимур Оразбаев.

Тимур Оразбаев, BI Group компаниясының өкілі:

- Мұндай сыйды жасау басшылықтың шешімі болатын. Біздің компанияға тиесілі қайырымдылық қорымыз бар. Олар да қарап қалмады. Дәрігерлерден сұраныс болмаса да, бірігіп медициналық қажетті құралдарды алып беруді жөн санадық.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қаладағы ауруханалар мен правизорлық орталықтарда шамамен 339 өкпені жасанды желдету аппараты мен 673 Бобров құрылғысы бар. Емдеу орындары қазір оттегіні қаматамасыз ететін станциялармен жабдықталып жатыр.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Бекмұратов

 

Хабар 24 телеарнасы